2023 жылғы 24 маусымда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Астана қаласының «Нұрлы Жол» теміржол вокзалында қонақтар мен қала тұрғындары үшін «Мықты отбасы - есірткіден алыс» деген атаумен ауқымды акциясы өткізілді. Іс шара «Право» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті. Акцияға «ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті», «Білім басқармасының» өкілдері, «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының» мамандары, «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» қызметкерлері және «Санат әлемі» қоғамдық қорының үйлестірушілері қатысты.

      1

Акция барысында қатысушылар АИТВ-ға тестілеуден өтті және АИТВ-инфекциясы туралы кеңес алды. Сондай-ақ орталық мамандары АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты толеранттылық, кемсітушілікке жол бермеу, стигма туралы тоқталып өтті.

3

Шараға қатысушы елордалық колледж студенттері саксофонда музыкалық композициялар мен әндер орындады, сондай-ақ осы тақырып бойынша үздік сурет байқауы өткізілді. Үздік туындылар «Право» ҚҚ грамоталарымен марапатталды.