2023 жылдың 30 маусымында Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер психотерапевты Ережеп Ақтоты Қыдырбайқызымен «SHALQAR» радиосының тікелей эфирінде «Жандауа» бағдарламасында, «АИТВ-инфекциясы және оның алдын алу» тақырыбында сұхбат өтті.
Бағдарламада елордадағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ жұқтырғандарға медициналық және әлеуметтік көмек көрсету мен АИТВ -ның алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы айтылды.