2023 жылғы 28 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны аясында «Астана медицина университеті» КЕАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент мектебімен бірлесіп, Астана қаласының №75 мектеп-гимназиясында 10-11 сынып оқушыларына «Көшбасшылық – қоғамдастықтарға» акциясы өткізілді.

 

 

WhatsApp Image 2023 11 28 at 12.25.45

 

WhatsApp Image 2023 11 28 at 12.25.46   

WhatsApp Image 2023 11 28 at 12.25.47 1

 

WhatsApp Image 2023 11 28 at 12.25.47

 

Акцияны ұйымдастырушылар АИТВ-инфекциясын жұқтыру жолдары мен алдын алу шаралары бойынша презентациялар жасап, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті төмендетуге бағытталған интерактивті ойындар өткізді. Сондай-ақ сұрақ-жауап викторинасы ойнатылып, онда үздік жауаптар үшін естелік сыйлықтар табысталды.

Акцияға Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент мектебі деканының орынбасары, профессор Шварц Валерий Валентинович, МУА студенттері, оқушылар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар, оның ішінде АИТВ-мен өмір сүретін пациент қатысып, ол балаларға өзінің басынан өткен хикаясы туралы айтып берді.

Бұл акцияның мақсаты - жастардың АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша хабардарлық деңгейін арттыру, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділікті қалыптастыру.