Семинардың мақсаты әскери қызметкерлердің арасында АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру болып табылады.
Семинар барысында АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Бекетова Ж.Қ. АИТВ инфекциясының астанадағы эпидемиологиялық жағдайын, берілу жолдарын және профилактикалық шаралары туралы айтты.
Барлық қатысушыларға ақпараттық-танымалдық материалдары таратылды.