2023 жылдың 30 қарашасында Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №64 мекемесіндеЖүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында жеке құрамы арасында «АИТВ-инфекцияны пенитенциарлық системасында алдын алу» тақырыбына байланысты семинар өткізілді.
Семинар барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер эпидемиологы Жаманова А.И. АИТВ-инфекциясының Астанадағы эпидемиологиялық жағдайын, жұғу жолдарын, алдын алу шараларының маңызын, АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигмамен кемсітушілікпен күрес мәселелері бойынша айтып өтті. Ақпараттық танымалдық материалдар (брошюралар, парақшалар) таратылды.