🎯 Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні туралы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Канат Аскаров брифинг өткізді.
✅ «Көшбасшылық - қоғамдастықтарға» ұранымен өтетін Жаһандық науқан халықаралық және ұлттық деңгейде АИТВ-ға қарсы әрекеттегі қауымдастықтардың негізгі рөлін тануға тағы бір мүмкіндік береді.
✅ Қоғамдастық – көп жылдар бойы ЖИТС-ке қарсы күреске үлкен үлес қосып келе жатқан және АИТВ індетімен күресуге белсенді атсалысқан үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық белсенділер мен еріктілердің бірлестігі. Өйткені, қауымдастықтар халықтың негізгі топтарымен қарым-қатынасты және олардың кәсіби қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
✅ АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау, негізгі тұрғындардың және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың профилактикалық, күтім және қолдау қызметтеріне қолжетімділігін кеңейту мақсатында АИТВ-ның қалалық орталығы АИТВ-ның таралуын тежеу бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда.
✅ Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2022-2023 жж. Халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-ның алдын алуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлінді.
✅ Астанада АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қазіргі таңда, жүйелі түрде профилактикалық іс-шаралар өтуде.
✅ Айта кетейік, дүниежүзілік науқанның басты мақсаты халыққа АИТВ-инфекциясының алдын алудың маңыздылығын еске түсіру, қоғамның назарын әлеуметтік қорғауға аудару және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау екенін атап өткіміз келеді.
#Көшбасшылық_қауымдастықтарға #Лидерство_сообществам