2024 жылы 31 қаңтарында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Астана қаласындағы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті және «Достық» АМСҚ орталығының өкілдерінің қатысуымен, өткен жылда бірлескен жұмыстың қорытындылары бойынша ведомствоаралық жиналыс өтті.

 WhatsApp Image 2024 01 31 at 16.45.35

           

WhatsApp Image 2024 01 31 at 16.45.35 2


Жиналыста ҚАЖД мекемелерінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша өзекті мәселелер талқыланды. АИТВ орталығының дәрігерлері профилактикалық жұмыстарының нәтижелері, эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-ға тестілеу туралы, сондай-ақ, Астана қаласының АИТВ орталығы және «Достық» АМСҚ орталығымен бірге диспансерлік бақылау және РҚТ тиімділігі бойынша өз-ара іс-қимылының барысы туралы баяндамалар жасады.
Орталық директоры, К.К. Аскаров арнайы контингентке медициналық қызмет көрсету Ішкі істер министрлігінің құзырынан толығымен Денсаулық сақтау министрлігіне ауыстырылғанына қарамастан ведомствоаралық бірлескен жұмыс қысқартылмауы керек екенін айтып өтті. Сонымен бірге, кейбір мәселелерді шешуде басқарманың және мекеме басшылалығының өздерінің қатысуы маңыздылығын айтты. Ол ведомствоаралық сабақтастықты одан әрі қамтасыз етуге назар аударды және сотталғандардың, оның ішінде, АӨА-ның денсаулығын қорғау мәселелерінде бірлескен бақылауды күшейту туралы атап өтті.
Отырыстың қорытындылары бойынша қатысушылар профилактикалық бағдарламаларды одан әрі сапалы жүзеге асыру мен барлық мәселелерді ведомствоаралық деңгейде шешу туралы келісімге келді.