2024 жылдың 6 ақпанында Астана қаласының №74 мектеп-гимназия базасында жоғарғы сынып оқушыларына «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбы бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинар барысында АИТВ орталығының дәрігер-эпидемиологы Бекетовамен Ж.Қ. мектеп оқушыларына АИТВ/ЖИТС-тың жұғу жолдары, алдын алу шараларының маңызы, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигма мен кемсітушілікпен күрес мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жургізілді.
Семинар соңынан мектеп оқушыларына ақпараттық-танымалдық материалдар (брошюралар, парақшалар) таратылды.