Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК-ның дәрігер эпидемиологы Б. Құлтанова 2024 жылғы 26-28 наурыз аралығында «Biolab Pharm» «Premier Med Clinic» ЖШС, Астана қаласының «№9 қалалық емхана» ШЖҚ МКҚК, «№5 қалалық емхана» ШЖҚ МКҚК-ның медициналық жұмыскерлері үшін ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар мен оқыту семинарын өткізді.
Семинарда АИТВ инфекциясы: Астана қаласы бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, медициналық ұйымдардағы АИТВ-ның алдын алу бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізгі регламенттік құжаттары, клиникалық көрсеткіштері бойынша халықты тестілеуден өткізу және апаттық жағдайлар кезіндегі іс-әрекет алгоритмі, АИТВ-ға талдау нәтижелерінің құпиялығын міндетті түрде ұстану туралы ақпарат бойынша мәселелер қаралды.
Медициналық көмек көрсету кезіндегі АИТВ-ны жұқтыру тәуекелінің факторы мен алдын алу шараларына назар аударылды.
Медициналық жұмыскерлер АИТВ инфекциясы бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарға өзгерістермен және толықтырулармен танысты.
Семинар соңында мүдделік берілген сұрақтарға жауаптар берілді.
ТОО «Biolab Pharm» «Premier Med Clinic»
ГКП на ПХВ «Городская поликлиника №9».
ГКП на ПХВ «Городская поликлиника №5» г. Астана.