Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы қала тұрғындары арасында тұрақты түрде АИТВ-инфекцияның алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді. 2024 жылдың 01-23 шілдесі аралығында «Мәңгілік Ел құрылыс» ЖШС, «Aibat Construction» ЖШС, «KAZBULD PRO» ЖШС, «С.Е.Сагандыкова ЖК», «Исламхан ЖК», «О.А.Дусанов ЖК», «Дион дүкені», «Хлебник дүкені», «B-5 қонақ үйі» орта және кіші бизнес қызметкерлеріне дәрістері өткізілді.
Айта кету керек, халықтың әртүрлі топтарын ақпараттандыру АИТВ-ның алдын алу жөніндегі шаралар кешеніндегі маңызды мақсат болып табылады және бұл мәселеге бизнес-құрылымдар тарапынан көмек пен қолдау көрсету мамандардың алғысына лайық. Ақпараттық іс-шаралар барысында дәрігер-эпидемиолог көмекшілері К.Б.Арыстанбекова мен С.Т.Нұрғалиева АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, жұқтыру жолдары және АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары туралы айтып берді. Барлығына ақпараттық-білім беру материалы (буклеттер) және жеке қорғаныс құралдары таратылды.