2024 жылғы 23 шілдеде «СТОП гепатит!» Дүниежүзілік вирустық гепатитке қарсы күрес күніне орай «Арсенал» ойын - сауық орталығында Астана қаласының № 3 емханасы, АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы және «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығының қатысуымен бірлесіп «Денсаулық қалашығы» акциясы ұйымдастырылды, сондай-ақ терапевт, аллерголог, хирург, психолог дәрігерлерінің қабылдауы, эпидемиологтың кеңес беруі ұйымдастырылды, сонымен бірге АИТВ-ға экспресс-тест жүргізілді.

 

WhatsApp Image 2024 07 24 at 12.33.48

    

 WhatsApp Image 2024 07 24 at 12.33.48 1іәвы

Денсаулық қалашығында өз қалауы бойынша АИТВ - ға тегін және құпия түрде жедел тестілеуден, сондай-ақ қандағы глюкоза, холестерин анықтауға арналған жедел тестілеуден өтуге, қан қысымын өлшеуге мүмкіндік болды.

         АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігерлері тұрғындарға АИТВ-инфекциясының таралуын азайту, олардың денсаулығына жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту мақсатында АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып берді. Денсаулық қалашығын - 200 адам қатысып, 43 адам АИТВ - ға жедел тестілеуден өтті.