2024 жылғы 15-16 тамызда Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығына Йель Медицина Мектебінің Стен Вермунд профессоры және «Назарбаев Университеті» Медицина Мектебінің докторы, профессоры Сайед Әли достық сапармен келді.
Қонақтар «Жизнь вопреки», «Шаг в будущее», «HumanHealthInstitute»үкіметтік емес ұйымдарының халықтың негізгі топтар арасында жұмыспен жүргізілетін танысты. Олар диагностикалық зертхана, емдеу-профилактикалық көмек бөлімін, сенім пунктін, Достық кабинет және жылжымалы сенім пунктін аралады.
Кездесу барысында АИТВ саласындағы ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттері, екі тарап мамандарының мүдделі мәселелер бойынша пікір алмасуы талқыланды. Қонақтар емдеу мен диагностиканың озық әдістері, АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелеріндегі үздік тәжірибелер туралы білімдерімен бөлісті.
Кездесуге қатысушылар АИТВ эпидемиясынтежеу шаралары, АРТ және БДПмүмкіндіктері, халықтың негізгі топтарына көрсетілетін қызметтерді кеңейту туралы айтты.