2024 жылдың 21 тамызында КМПА-мен (Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі Қазақстандық қауымдастық) бірлесе отырып, АИТВ орталығының мамандары Астана қаласының Жастар денсаулық орталықтарының өкілдерімен семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингтің мақсаты – осы мекемелердің қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясының алдын алу, оның ішінде байланысқа дейінгі профилактика туралы негізгі білімдерін арттыру арқылы Жастар денсаулық орталықтарында жасөспірімдерге, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және халықтың негізгі топтарына көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру болып табылады.230824

КМПА вице-президенті М.М.Сауранбаева АИТВ-ға тестілеу, АИТВ-ға қатысты стигма және кемсітушілік туралы айтты. АИТВ-мен аурушаңдық бойынша сұрақтар талқыланып, сонымен қатар АИТВ орталығының дәрігер эпидемиологы Ж.К.Бекетовамен халық арасында, оның ішінде жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ жұқтырудың алдын алу бойынша нормативтік құжаттар бойынша презентациялар усынылды. Вирустың репликация механизмі туралы бейнероликтер көрсетілді.

Семинарда АИТВ-инфекциясының алдын алу саласында халыққа ақпараттық-ағарту шаралары бойынша бірлескен жұмыс туралы ұсыныстар қарастырылды.

WhatsApp Image 2024 08 23 at 15.19.00

  WhatsApp Image 2024 08 23 at 15.18.59