2025 жылғы 2 желтоқсанда «Наз» мемлекеттік би театрында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай шығармашылық кеш өтті. Мақсаты ‒ халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, алдын алу мәдениетін дамыту және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдау.

WhatsApp Image 2025 12 03 at 11.36.20

  Іс-шарада елорданың шығармашылық ұжымдары өзара қолдау, мейірімділік және өз денсаулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығына арналған хореографиялық және вокалдық нөмірлерді ұсынды.

  «АИТВ-мен күресудің ең тиімді құралы – алдын алу. Адамдар берілу жолдары мен қорғаныс әдістері туралы неғұрлым көп білсе, инфекцияның жаңа жағдайларын азайту мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Осындай               іс-шаралар бізге бұл ақпаратты қол жетімді тілде жеткізуге көмектеседі. Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында ағартушылық және мәдени іс-шараларды өткізу АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті төмендету жөніндегі жалпы жұмыстың маңызды бөлігі», ‒ деді АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Э. Утелова.