1 желтоқсанда Астанада ірі медиа қасбеттерде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпарат таратылды. Іс-шараның бастамашысы Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қалалық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы болды.
Ақпараттық бейнелер «Alem.ai», «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ғимараттары медиа қасбеттерінде, сондай-ақ «AiLand» айналма дөңгелегінде орнатылды. Материалдарды қаланың негізгі көрнекі орындарына орналастыру кең аудиторияның назарын аударуға және тақырыптың әлеуметтік маңыздылығын атап өтуге мүмкіндік берді.
Іс шара қала тұрғындарының АИТВ жұқтыру жолдары, тұрақты тестілеудің маңыздылығы, уақтылы медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі және антиретровирустық терапияның қолжетімділігі туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні жыл сайын мемлекеттің, медицина мамандарының және қоғамның АИТВ-инфекциясына таралуына қарсы біріккен күш-жігерінің маңыздылығын еске салады. Мұндай ақпараттық іс-шаралар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға, сондай-АИТВ-мен өмір сүретін қолдауға ықпал етеді.











