2026 жылғы 4 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің АИТВинфекциясының алдын алу орталығында «АИТВ орталығы мен үкіметтік емес ұйымдардың 2025 жылғы бірлескен жұмысының қорытындылары» тақырыбында ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Кеңесте кіріспе сөзбен АИТВ орталығы директорының міндетін атқарушы Денис Панченко сөйледі. Өз сөзінде ол, сектораралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын,алдын алу бағдарламаларын іске асырудағы және халықтың негізгі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз етудегі үкіметтік емес ұйымдардың шешуші рөлін атап өтті.
2025 жылғы алдын алу жұмыстарының нәтижелері, негізгі жетістіктері мен проблемалық мәселелері туралы алдын алу жұмыс бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева баяндама жасады.
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері ЖИТС, туберкулез және безгекпен күреске арналған Жаһандық қор гранты, сондай-ақ Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберіндегі жобаларды іске асыру қорытындыларын ұсынды. Халықтың негізгі топтары арасындағы алдын алу жұмысының нәтижелері қарастырылды.
Талқылау барысында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың тиімділігін бағалауға, проблемалық мәселелерді талдауға және алдын алу бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарға ерекше назар аударылды.
«Үкіметтік емес ұйымдар өңірлік қамтудың, тестілеудің және байланысқа дейінгі алдын алуға қол жеткізудің едәуір үлесін қамтамасыз ете отырып, халықтың негізгі топтарының ортасына маңызды жолсеріктер болып табылады. ҮЕҰ базасында анықталған АИТВ инфекциясының көптеген жағдайлары алғашқы жүгінген кезде анықталды, бұл алғашқы қамтуды кеңейту стратегиясының тиімділігін растайды», - деп атап өтті Д.В. Панченко.
Кездесу соңында қатысушылар 2026 жылға арналған халықтың негізгі топтары арасындағы алдын алу жұмысының индикаторларын талқылап, практикалық тәжірибе алмасты және ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірледі. Кездесу қорытындысы бойынша Астана қаласында АИТВ инфекциясының таралуын төмендетуге және алдын алу қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған сектораралық өзара іс-қимылды нығайтуға дайындық білдірілді.











