2019 жылдың екінші қыркүйегінде Нұр-сұлтан қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұжымының медицина қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2019 жылдың екінші қыркүйегінде Нұр-сұлтан қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұжымының медицина қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Президент өз Жолдауында қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері әлеуметтік саланы жақсартуға және медициналық қызметтерді жетілдіруге бағытталған реформалардың басталуына белсенді қатысып, қолдау көрсетеді.
Халықтың әл-ауқатының құрамдас бөлігі өмір сүру деңгейінің өсуі болып табылады. Білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, жайлы және қауіпсіз өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында келесі жылдан бастап медициналық сақтандырудың енгізілуіне түсініктеме берді.
"Мемлекет тегін медициналық көмектің кепілді көлемін сақтап қалатынын әрқайсысыңызға жеткізгім келеді. Оны қаржыландыруға келесі үш жыл ішінде 2,8 трлн астам теңге бағытталатын болады.
Өз кезегінде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған. Үш жылдық бюджет шеңберінде денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосымша 2,3 трлн теңге бағытталатын болады. Үкімет оның беделін түсіруді болдырмау үшін әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүзеге асыру мәселесіне барынша жауапкершілікпен қарау керек. Біздің қателесуге құқығымыз жоқ", - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған жаңа міндеттер қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға сәйкес келеді және елдің одан әрі тиімді дамуына, экономиканың және халықтың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететін болады.