Диагностикалық зертхана төмендегілерді жүргізеді:
•АИТВ жұқпасына, В,С,Д вирустық гепатиттеріне иммуноферменттік талдау әдісімен скринингтік зерттеу жүргізу, В гепатитіне маркерлік ИФТ-диагностикасын жүргізу;
•диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырғандарға, сифилиске, оппортунистік жұқпаларға ИФТ-диагностикасын жүргізу;
•зерттеу сапасына зертханаішілік бақылау жүргізу және зерттеу сапасын сыртқы бақылауға қатысады (Ұлттық бағдарлама және Халықаралық бағдарлама);
•қауіпті мінез-құлық топтарындағы 5 шолғыншы топта АИТВ жұқпасына шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүргізу барысында АИТВ-ға, С гепатитіне және сифилиске зертханалық зерттеу жүргізеді;
• АРТ-терапиясының тиімділігіне мониторинг жүргізу үшін ПЦР әдісімен қандағы АИТВ 1 вирусын сандық анықтау;
•АИТВ жұқтырғандардың иммундық статусын бағалау үшін ағынды цитометрия әдісімен СД4, СД8, СД3-ті анықтау;
• диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырғандарға жалпыклиникалық, гематологиялық, серологиялық зерттеу жүргізу;
•АИТВ-ға зертханалық зерттеулердің сапасын бақылау жүйесін ұйымдастыру, қан сарысуларының оң үлгілерін мұрағаттау.
Бөлім меңгерушісі - жоғары санатты білікті дәрігер Тажибаева Адия Мубараковна.
Телефон 38-04-97, 279505