Астанада әр өңірден келген облыстық, қалалық ЖИТС-ке қарсы күрес орталықтарының баспасөз хатшыларының қатысуымен семинар-тренинг өтті.
Республикалық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен өткізілген шара «АИТВ - жұқпасының алдын алу тақырыбында тұрғындар арасында жұмыс бойынша жаңа тәсілдер және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тиімді пайдалану» тақырыбына құрылды.
«Олимп» КДЗ медициналық қызметкерлері үшін семинар өтті
05.09.2017 ж. Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының конференц-залында АИТВ-жұқпасына тексерілу туралы семинар өткізілді. Семинарға «Олимп» клиникалық–диагностикалық зертханасының координаторлары, медбикелері, менеджерлары, медициналық тіркеушілері қатысты.
«Ардагерлер ұстанымы - салауатты өмір!» акциясы өтті
2017 жылы 19 тамызда «Алматы» ауданы әкімдігінің, қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен, ҚР Конституция Күні мен Ұлттық Отбасы күніне орай, ЖИТС орталығының қатысуымен, «Ардагерлер ұстанымы - салауатты өмір!» акциясы өтті.