Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында "Болашаққа қадам" қоғамдық қорымен бірлескен "АИТВ инфекциясының алдын-алу, диагностикасы, күтімі және қолдау бойынша медициналық - әлеуметтік қызмет көрсету" атты әлеуметтік тапсырыс шеңберінде АИТВ-мен өмір сүретін тұлғалар үшін Пациент мектебі өз жұмысын бастады. Бірінші сабақта Мектепке келушілер АИТВ туралы жалпы мәліметтерді талқылап, оппортунистік инфекциялар туралы ақпарат алды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Медицина қызметкерінің күніне орай елімізде «Мен не үшін дәрігер кәсібін таңдададым» әлеуметтік роликтерінің флешмобы басталды. Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұжымы жалпыреспубликалық флешмобқа қосылып еліміздің барлық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды. #РЦСПИДКазахстан#врачикз
2017 жылы 30 мамырда Астана қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментімен ведомствоаралық мәжіліс өтті. Астана қаласындағы барлық анықталған жаңа жағдайлардың ішінде, пенитенциарлық жүйеде анықталғандар үлесі 13%-ті құрайды.
2017 жылғы 26 мамырда Астана қаласының ЖИТС орталығы Республикалық "#Жоқ ЖИТС-2030" акциясы аясында Республикалық ЖИТС орталығының, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық одағы және Орталық-Азия АИТВ-мен өмір сүретін адамдар ассоциациясының қолдауымен және ықпалымен журналистерге арнап "АИТВ тақырыбын жариялаудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі " атты семинар-тренинг өткізді.