2015 жылдың 31 шілдеде ЖИТС орталығының мамандарымен «Аймақ Тау 1 және Аймақ Тау 2» сауда үйінің әкімшілігі,бутик сатушыларына «АИТВ жұқпасының берілу жолдары, Астана қаласы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбына семинарлар өткізді.
2015 жылдың 13-17 шілде аралығында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мақасатында ЖИТС орталығының мамандары Көктал кентінде орналасқан «Кировская» ОДА өткізілген «Денсаулық жолы» акциясына қатысты.
2015 жылдың 13 шілдеде ЖИТС орталығының мамандары «Жаннұр» сауда орталығы ұйымының жұмысшыларына Астана қаласындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы және АИТВ жұқпасының алдын алу» туралы дәріс жүргізілді. Қатысқандар саны 60 адам. Тыңдаушылар дәріске белсенді қатысып, алған ақпараттарды талқылап, қызықты сұрақтар қойды. АИТВ/ЖИТС туралы білімдерді тасымалдайтын кітапшалар және үнпарақтар, сонымен бірге жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды.