2015 жылдың 14-15 қаңтарында ЖИТС орталығының мамандарымен" Шар Құрылыс" ЖШС құрылыстық ұйымының жұмыскерлеріне дәріс өткізілді.
Дәрісте 6 бригада (электромонтажшылар, құрылысшылар, бетоншылар, каменщиктер) қатысып, барлығы - 202 жұмыскер қатысты. Дәріс барысында сұрақтар қойылып және оларға жауаптар беріліп, аудитория белсенді қатысты. ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-ын алдын алу және одан қорғану туралы әңгімелеп берді. Іс-шара соңында ақпараттық-оқыту құралдары (брошюра, календарлар) және қалаушыларға жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды.