2015 жылдың 23 қаңтарында ЖИТС орталығының мамандарымен Медико-әлеуметтік сауықтыру орталығы және Туберкулезге қарсы диспансерімен бірігіп "Сембол Улусларарасы Ятырым Тарым Пейзаж Иншаат Туризм Санайи ве Тиджарет Аноним Ширкети" АҚФ құрылыстық ұйымының жұмысшыларына «Еңбек шеңберіндегі АИТВ/ЖИТС-тың өзектілігі», «Туберкулездің алдын алу»,
«Есірткіге тәуелділіктің алдын алу» тақырыптарында семинарлар өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жұмыскерлер арасында АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыруды жоғарылату, кәсіпорын жұмысшыларын медициналық ұйымдарға қаралуын АИВ-жұқпасына тестілеуін және флюорографиядан өтуін негіздеу.
Семинарларда 200 жұмыскер қатысты. Тыңдаушылар семинарға белсенді қатысып, алған ақпараттарды талқылап, сұрақтар қойды. Барлық жұмыскерлерге ақпараттық-оқуқұралдары (кітапша, календарь) және жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды.