2017 жылғы 14 шілдеде Астана қалалық ЖИТС орталығында зияндылықты сейілту Еуразиялық желісінің билік өкілдерімен өзара қатынас бойынша кеңесшісі Н.Подоговамен кездесу өтті. Кездесуге Республикалық ЖИТС орталығының бас директоры Б. Байсеркинде қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – зияндылықты сейілту бағдарламасымен қамтылған инъекциялық есірткі тұтынушылары арасындағы жұмыс тәжірибесімен алмасу, Ішкі істер департаментімен, наркологиялық қызметпен, қоғамдық денсаулық сақтау арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту. Б.Байсеркин қатысушыларды еліміздегі эпидемиологиялық ахуалмен, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысына тоқтап, аймақтың мәселесімен толығырақ таныстырды. Н.Подогова зияндылықты сейілту Еуразиялық желісінің Қазақстандағы мақсаттары мен міндеттері туралы айтып өтті.
Кездесу соңында қатысушылар одан әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту туралы келісті.