Ірі және орта бизнес-құрылымдарында «Корпорация Казахмыс» ЖШС, «Ас полиграф» баспасы, «Star media» ЖШС ұжымдары мүшелерімен мемлекеттік міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу және АИТВ жұкпасының алдын алу сұрақтары бойынша Астана қаласы ЖИТС орталығы мамандары кездесулер өткізді.
Мамандар МӘМС жүйесін енгізудің артықшылығы туралы ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, АИТВ жұқпасының таралу жолдары мен алдын алу шараларын атап өтті.
Бизнес-құрылым басшыларына ақпараттық-білім беру материалдары мен жадынамалар таратып, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша сауалнама жүргізді. Барлығы – 61 адам қамтылды.