IMG 5717

2017 жылғы 15 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында республикалық «Астана» радиосының «Әлеумет тынысы» бағдарламасында Астана қалалық ЖИТС орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Айтмағанбетқызы сөз сөйледі.


Бағдарлама барысында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанының «Денсаулыққа құқығың бар!» ұраны және айлық аясында тұрғындарды ақпараттандыру бойынша атқарылытын іс-шаралар, сонымен қатар Астана қаласы бойынша эпидемиологиялық ахуал, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқығы туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ, АИТВ-ның жыныстық жолмен жастар арасында таралуының өзекті мәселесі қарастырылды.