2021 жылғы 13 тамызда «Шалқар» радиосының «Жандауа» бағдарламасында «СOVID-19 пандемиясы кезінде АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдар қалай сақтандырылған», - деген тақырыпта тікелей эфирде ЖИТС орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Айтмағанбетқызымен әңгіме болды.

5dfd634d d94c 466e b985 6a33f3880bdf

Бағдарлама барысында Нұр-Сұлтан қаласында АИТВ- инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы,  АИТВ-инфекциясы мен COVID-19 арасындағы айырмашылығы,  АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін COVID-19 жұқтыру қаупі және т.б сұрақтар қозғалып, радиотыңдаушылар мен студия сауалына жауап берді.