2025 жылғы 18 қарашада Астана қаласының «Қалалық перинаталдық орталығы»ШЖҚ МКК медицина қызметкерлері үшін «Медициналық ұйымдарда АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың стигмасы мен кемсітушілігін төмендету» тақырыбында семинар өтті. Семинарды АИТВинфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Э. С. Тулепбаева және «Жизнь вопреки»қоғамдық қорының басшысы А. Ж. Мукушева бірлесіп өткізді.

WhatsApp Image 2025 11 19 at 16.49.54

2025 жылғы 19 қарашада Астана қаласының Сервис және туризм колледжінде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан аясында Ашық есік күні өтті. Іс-шара оқытушылар мен студенттердің АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы хабардар болу деңгейін арттыруға, сондай-ақ жауапты және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.

WhatsApp Image 2025 11 19 at 15.26.59

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған іс-шаралар аясында «Сауран» сауда орталығында қалалық АИТВ-жұқпасы орталығының мамандары Астана тұрғындары мен қонақтары үшін «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» атты акция өткізді. 

WhatsApp Image 2025 11 18 at 15.29.30

АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары № 15 қалалық емхананың Жастар денсаулық кабинетімен бірлесіп, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелеріне арналған Мұхтар Әуезов атындағы № 86 мектеп-гимназиясы мен Astana Garden International School оқушылары үшін профилактикалық акция өткізді. 

WhatsApp Image 2025 11 18 at 15.19.48