2025 жылғы 3 желтоқсанда Астана қаласының АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары № 103 орта мектеп пен №78 мектеп-гимназияның 9-11 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған республикалық ақпараттық науқан аясында ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2025 12 04 at 10.56.32 2

    1 желтоқсанда Астанада ірі медиа қасбеттерде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпарат таратылды. Іс-шараның бастамашысы Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қалалық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы болды.

WhatsApp Image 2025 12 03 at 14.12.37

     2025 жылғы 2 желтоқсанда «Наз» мемлекеттік би театрында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай шығармашылық кеш өтті. Мақсаты ‒ халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, алдын алу мәдениетін дамыту және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдау.

WhatsApp Image 2025 12 03 at 11.36.20

     2025 жылғы 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Астана қаласы Полиция департаментінің «Алматы» ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері арасында алдын алу акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – ақпараттандыруды арттыру және АИТВ инфекциясын ерте анықтау.

photo 5289867977765359366 w