2025 жылғы 25 қарашада Астана қаласының АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында халықтың негізгі топтары үшін АИТВ-инфекциясы және байланысқа дейінгі профилактика мәселелері бойынша аутрич-қызметкерлердің білім деңгейін арттыру мақсатында кеңес өткізілді. Іс-шара мамандардың кәсіби құзыреттерін нығайтуға және АИТВ-ның жыныстық жолмен таралуын азайтуға бағытталған профилактикалық қызметтерді кеңейтуге бағытталған.

 WhatsApp Image 2025 11 26 at 08.32.55

   Астана қаласының халықаралық әуежайында 50 адам АИТВ-ға тексерілді. АИТВ инфекциясы орталығының дәрігерлері елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жедел тестілеу акциясын өткізді, сондай-ақ «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» Дүниежүзілік науқан аясында инфекциясының алдын алу шаралары туралы айтты.

 WhatsApp Image 2025 11 25 at 16.44.29

  2025 жылғы 25 қарашада елордалық «Аружан» СОСО келушілері үшін АИТВ-ға жедел тестілеу науқаны өтті. Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырды және өткізді. Акция 2025 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін қалада өтіп жатқан және Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған айлық аясында өтуде.

 WhatsApp Image 2025 11 25 at 11.25.28

    Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында 2024 жылғы 21 қарашада қалалық АИТВ инфекциясы орталығының мамандары «Нұрлы жол» теміржол вокзалында Астана тұрғындары мен қонақтары үшін «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» ауқымды акциясын өткізді.

 WhatsApp Image 2025 11 21 at 16.30.49