ЖИТС-пен күрес жөніндегі дүниежүзілік науқан аясында Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясының таралуын төмендету, диагностика сапасын арттыру, жаңа тәсілдерді, стандарттарды талқылау және медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл бойынша кешенді шараларға арналған «Қазіргі жағдайда АИТВ-инфекциясының таралуының өзекті мәселелері» атты конференция өтті.
26 қарашада Астана қаласының АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы А. И. Жаманова балалар мен жасөспірімдерге интерактивті дәрістер өткізді. Сабақтар Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан аясында Zharkyn Smart School-да өтті.
Астана қаласы бойынша ҚАЖК Департаментінің № 3 мекемесінде жеке құрам мен сотталғандар үшін «Пенитенциарлық жүйеде АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-ағартушылық дәріс өткізілді.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» ұранымен ақпараттық науқан аясында АИТВ-жұқпасы орталығының мамандарыжастарымен белсенді кездесуде.











