Профилактика жөніндегі бағдарламаларды іске асыру және халықтың негізгі топтарының (ХНТ) медициналық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету шеңберінде профилактика бөлімінің меңгерушісі Ұ. Р. Сәулебаевтың және профилактика бөлімінің өкілдерінің қатысуымен аутрич-қызметкерлермен жұмыс кездесуі өткізілді.
Репродуктивтік денсаулық апталығы және ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу халықаралық күні шеңберінде жастардың АИТВ-инфекциясы, ЖЖБИ туралы білім деңгейінің хабардар болуын арттыру мақсатында Жоғары медициналық колледжде АИТВ-ға жедел тестілеумен «Жас толқын» Жастар денсаулық орталығымен бірлесіп, семинар-тренинг өткізілді.
Репродуктивті денсаулық апталығы аясында «Жизнь Вопреки» қоғамдық қорында денсаулық туралы ашық диалогқа арналған өзара көмек тобының кездесуі өтті.
Халыкаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні қарсаңында Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Ж.К. Бекетова «АИТВ-инфекциясы біздің өмірімізде» тақырыбында жоғарғы сынып оқушылары үшін Қ. Сәтбаев атындағыBinom school мектебінде, № 74 мектеп-гимназиясы мен №8 мектеп-лицейінде дәріс өткізді.