Желтоқсан айында № 78 және № 83 мектеп-гимназияларында № 15 қалалық емхананың Жастар денсаулық кабинетімен бірлесіп АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс өткізілді. Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан аясында өтті. Биылғы жылы науқан ЮНЭЙДС ұраны: «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге».
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция Астанада Esil University студенттері үшін 2025 жылғы 8 желтоқсанда «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» ұранымен өтті. Іс-шара Қазақстандық жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығының вице-президенті М.Сауранбаеваның және «Шеврон» компаниясының үйлестіруші М. Кенжебаеваның қатысуымен ұйымдастырылды
Астана әскери қызметшілері Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқанға белсенді қатысуда. Осы күнге арналған іс-шаралар жастардың АИТВ туралы хабардарлығын арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері АИТВ-ның алдын алу туралы өзекті ақпарат алып, экспресс-тестілеуден өтті.











