АСТАНА телеарнасы «Айтарым бар»  бағдарламасының тікелей эфирінде ВИЧ тақырыбы. Бағдарламаға Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Абдраимов Сабит Бекмағанбетұлы және орталықтың ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Айтмағанбетқызы Жанна, сондай-ақ орталықтың психотерапевт маманы Ақтоты Қыдырбаевна қатысты. Мамандар өздеріне берілген бір сағат көлемінде көрермендерге аталмыш аурудың таралуы және оның жұғу жолдары мен одан қалай сақтану керек екендігін тереңірек айтып өтті.

WhatsApp Image 2021 09 22 at 15.29.45

«Жұқтырып алмаңыз!» деп аталатын бағдарламаға өзі сияқты тағдырластарына аз да болса үміт сыйлағысы келген Жәнібек арнайы қатысып ашық әңгіме айтып ой бөлісті. Жәнібек, бүгінде қалалық орталықта тіркеуде тұрады. Тұрақты ем қабылдайды. Өзіне өзі күтім жасайды, қызмет жасап ел қатарлы өмір сүреді. ВИЧ –ол үкім емес. Бұл статуспен өмір сүріп тіпті дүниеге сау бала әкеліп жатқан аналар диспансерлік есепте тұрған сондай  264 жүкті әйелден 260 дені сау бала өмірге келгенін атап  өтті эфир барысында орталықтың директоры.

Сабит Бекмағанбетұлы -  «Орталығымыз 1997 жылы құрылған. Бүгінде жүзден аса маманмен қамтылған үлкен орталыққа айналған. Заманауи жабдықтармен жабдықталған. Еліміздің бас қаласына сай қызмет атқарып келеміз» деді сөз арасында. Эфир барысында қалалық орталықта   алғаш құрылған күннен бүгінге дейін 2400ге жуық науқас диспансерлік тіркеуде тұратыны және оның 65 пайызын ер адамдар құрайтыны айтылды. Бағдарлама жүргізушісінің сауалы бойынша С. Абдраимов,  орталықтағы ем қабылдаушылардың ең үлкені 77 жастағы қария болса, ең жасы 2 жасар сәби екенінде атап айтты. Бағдарлама қысқа уақытта көп дүниені қамтып көрерменге толыққанды ақпарат беріп үлгерді. Көрермен тарапынан сауалдарда болды.