2021 жылдың 15 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының  «ЖИТС -тың алдын алу және оған қарсы күрес» орталығының директоры Абдраимов Сабит Бекмағанбетұлымен «ШАЛҚАР» радиосының тікелей эфирінде «Жандауа» бағдарламасында, «АИТВ және қоғам» тақырыбында сұхбат өтті. 

Бағдарламада елордадағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ жұқтырғандарға медициналық және әлеуметтік көмек көрсету, антиретровирустық терапия саласындағы жаңалықтар мен АИТВ -ның алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы айтылды.

WhatsApp Image 2021 10 15 at 15.16.26