Сенің өмірің-сенің талғамың!
АИТВ- адамның иммун тапшылығының вирусы.АИТВжұқтырғандар адамдарды АИТВ-жұқтырылғандар немесе АИТВ-позитивтілер деп атайды.Жұқтырғаннан кейін бірден және көп жағдайда одан да ұзақ жылдар бойы адамдар АИТВ-жұқтырылғандар болып табылатыны туралы күдіктенбейді.ЖИТС(СПИД)-АИТВ жұқпасының сонғы сатысы. Ерте ме кеш пе, вирус адамның иммундық жүйесін бұза бастайды, және соның салдарынын ретінде көптеген әртүрлі аурулар туындайды.Жұқтыру жағынан вирус қанда, спермада, емшек сүтінде болуы ықтимал.
АИТВ–ның жұғу жолдары:
1.Қан арқылы
-залалсыздандырылмағаң инъекция құралдарын және есірткі дайындау құралдарын(жалпы шприцтерді, инелерді, қасықтарды,сүзгілерді және т.б.)бірлесіп пайдаланғанда;
-залалсыздандырылмағаң құралдарды пайдалану кезінде(маникюр, педикюр, пирсинг құралдары)
2. Жыныстық қатынаста:
-қорғалмаған жыныстық қатынаста (мүшеқапты қолданбағанда), оның ішінде анайы жыныстық қатынаста;
3.Анадан балаға:
-жүктілік және босану кезінде(әсіресе баланың табиғи жолмен босануы барысында)
-емшек сүті арқылы.
АИТВбассейнде, душта, денесі денесіне тиіп кеткенде, қол алысқанда
АИТВ-жұқтырылған адаммен ыдыс-аяқты, киімді және басқаларын ортақ қолданған жағдайда, сүйіскенде, құшақтасқанда, жәндіктер шаққандажұқпайды.
Барлық жыныстық қатынастарда мүшекаптарды қолданған және гигиеналық ережелерді (дәрігерлік емдеу, пирсинг, маникюр кабинетінде стерильді, бір рет қолданылатын аспаптарды қолдану) сақтаған жағдайда АИТВ-жұқпасын жұқтыру қауіпі болмайды. АИТВ жұқпасына тексерілуді ЖИТС орталығында, емханаларда, сенім пунктерінде, достық кабинеттерінде тегін өтуге болады.
Астана қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» мекен жайы: Есенберлин көшесі,5/1 және Достық кабинеті- Абай көшесі,92/3.
Сенім телефоны: 38-07-02, 38-04-64, 27-95-04.
Астана қ. ЖИТС орталығынын
эпидемиолог дәрігері
Ж.М. Баяндинова