12–13 қараша 2025 жылы Астанада есірткі қолданатын адамдармен жұмыс істейтін ҮЕҰ қызметкерлері мен Астана қаласының АИТВ орталығы мамандарына арналған тренинг өтті. Оқу Жаһандық қор гранты аясында ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2025 11 17 at 15.56.29 1

   Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлық шеңберінде, 2025 жылдың 14 мен 17 қарашасында № 58, № 69 мектептерінде жастар арасында     9–11 сынып оқушылары үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өткізілді.

 WhatsApp Image 2025 11 17 at 14.57.41

  2025 жылы 14 және 17 қарашада Bilim Innovation Lyceum мектебінде және №95 мектеп-лицейінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлық шеңберінде жоғарғы сынып оқушыларына ақпараттық дәрістер өткізілді. Шаралар денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мен әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу туралы білім деңгейін арттыруға бағытталды.

 WhatsApp Image 2025 11 17 at 14.45.00 1

WhatsApp Image 2025 11 17 at 13.41.19

     17 қарашада Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназиясының оқушылары үшін АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы А. И. Жаманова № 15 қалалық емхананың жастар денсаулық кабинетімен бірлесіп Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан аясында дәріс өткізді.

 WhatsApp Image 2025 11 17 at 13.41.19 1

 

    Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында және халықтың АИТВ және алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыру мақсатында қалалық АИТВ-инфекциясы орталығының маманы Ж.К. Бекетова Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына дәріс өткізді.

WhatsApp Image 2025 11 17 at 12.48.49

      Іс-шара барысында тыңдаушылар АИТВ-инфекциясының ерекшеліктері туралы білді, АИТВ атауының этимологиясын, вирустың басқалардан айырмашылығы, оның берілу жолдары мен инфекциядан қорғау жолдарын талқылады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеу тақырыбына ерекше назар аударылды.        Мұндай іс-шаралар ауру туралы хабардарлықты арттырып қана қоймайды, сонымен қатар жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

 

 WhatsApp Image 2025 11 17 at 12.48.50

 WhatsApp Image 2025 11 17 at 12.48.50 1