Орта мектептерде дәрістер жалғасуда
АИТВ-инфекциясы орталығының мамандары мектептерің жоғары сынып оқушыларына «АИТВ - инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәрістер өткізуді жалғастыруда. № 3 және 91 мектеп-гимназияларында 502 оқушыны қамтумен дәрістер өткізілді.
9-11 сынып оқушыларына арналған семинар өтті
Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары 16.09-23.09.2024 жылы № 102 орта мектепте және № 60 мектеп лицейінде 9-11 сынып оқушыларына арналған семинар өткізді, онда жасөспірімдер арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері қаралды.
АИТВ орталығында аутрич-қызметкерлер арасында оқыту семинары
19.09.2024 жылы Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында АИТВ-инфекциясы және халықтың негізгі топтар үшін байланысқа дейінгі профилактика мәселелері бойынша аутрич-қызметкерлердің білім деңгейін арттыру мақсатында аутрич-қызметкерлермен БДП бағдарламасының қағидалары және АИТВ-ның жыныстық жолмен таралу деңгейін төмендету аясындағы алдын алу іс-шаралар бойынша аутрич-қызметкерлер үшін оқыту семинары өткізілді.
Толығырақ АИТВ орталығында аутрич-қызметкерлер арасында оқыту семинары
Орта және шағын бизнес қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу
Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары 2024 жылдың 1-23 тамызы аралығында ТОО «Алтамир-КТ», КФ «Сауда-көтерме көрмесі», «Word class», «Pride» фитнес орталықтарында, «Жаннур», «Встреча» сауда үйлерінде, «Рамада» қонақ үйінде дәріс оқыды.
Подробнее: Орта және шағын бизнес қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу
Астана қаласының Жастар денсаулық орталықтарының өкілдерімен семинар
2024 жылдың 21 тамызында КМПА-мен (Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі Қазақстандық қауымдастық) бірлесе отырып, АИТВ орталығының мамандары Астана қаласының Жастар денсаулық орталықтарының өкілдерімен семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингтің мақсаты – осы мекемелердің қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясының алдын алу, оның ішінде байланысқа дейінгі профилактика туралы негізгі білімдерін арттыру арқылы Жастар денсаулық орталықтарында жасөспірімдерге, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және халықтың негізгі топтарына көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Подробнее: Астана қаласының Жастар денсаулық орталықтарының өкілдерімен семинар