АИТВ-инфекциясы зертханалық диагностика сапасы мәселелері бойынша семинар
2024 жылғы 19 сәуірде Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында зертханаға дейінгі кезеңде АИТВ-инфекциясын диагностикалау сапасы мәселелері бойынша медицина қызметкерлері үшін семинар өтті.
Подробнее: АИТВ-инфекциясы зертханалық диагностика сапасы мәселелері бойынша семинар
IT колледжі студенттеріне арналған семинар
2024 жылғы 18 сәуірде IT Astana College базасында жастар арасында АИТВ инфекциясының мәселесі қаралған жыныстық тәрбие бойынша студенттерге арналған семинар өткізілді.
Астана қаласындағы Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабы
Астана қаласының әкімдігінде2024 жылғы 16 сәуірде Астана қаласындағы Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының 2024-2025 жылдарға арналған отырысы өтті.
Отырыс жұмысына келесі мәселелер қаралды:
Білім беру ортасында АИТВ-инфекциясы мен нашақорлықтың алдын алу.
2024 жылғы 12 сәуірде Астана қаласының Білім басқармасымен, Астана қаласының Полиция департаментімен бірлесіп АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша «АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелерін білім беру жүйесіне интеграциялау. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мен мектептердің өзара әрекеттесуі. Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастырудағы мектеп психологының рөлі» тақырыбында кеңейтілген жиналыс өткізілді.
АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында кеңес жұмысына 209 адам қатысты, оның ішінде мектеп директорлары мен олардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция департаментінің инспекторлары, жастар денсаулық орталықтарының өкілдері болды. Кеңестің негізгі мақсаты - жастар арасында қауіпсіз мінез-құлық, нашақорлық пен АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды нығайту.
Кеңес аясында Астана қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары С. Адылбаев, Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры К. Аскаров, Астана қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция полковнигі С.Ильиных баяндама оқыды.
К. К. Аскаровтың айтуынша, мектепте өз денсаулығына құндылық қатынасының негізін қалау, оны әртүрлі жағдайларда, оның ішінде АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупімен байланысты жағдайларда сақтау дағдыларын дамыту маңызды. Ведомстволар Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын және білім беру ұйымдарында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі үшжақты іс-шаралар жоспарын одан әрі бірлесіп іске асыру туралы шешім қабылдады.
Астана қаласының М.Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында семинар
Бүгін, 2024 жылдың 5 сәуірінде Астана қаласының М.Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларына АИТВ орталығының дәрігер-эпидемиологы Жаманова А.И. «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбы бойынша семинар өткізді.
Подробнее: Астана қаласының М.Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында семинар