Аутрич қызметкерлерімен кездесу
Профилактика жөніндегі бағдарламаларды іске асыру және халықтың негізгі топтарының (ХНТ) медициналық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету шеңберінде профилактика бөлімінің меңгерушісі Ұ. Р. Сәулебаевтың және профилактика бөлімінің өкілдерінің қатысуымен аутрич-қызметкерлермен жұмыс кездесуі өткізілді.
Жастарға арналған семинар
Репродуктивтік денсаулық апталығы және ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу халықаралық күні шеңберінде жастардың АИТВ-инфекциясы, ЖЖБИ туралы білім деңгейінің хабардар болуын арттыру мақсатында Жоғары медициналық колледжде АИТВ-ға жедел тестілеумен «Жас толқын» Жастар денсаулық орталығымен бірлесіп, семинар-тренинг өткізілді.
Астана қаласында ҮЕҰ-ның қатысуымен репродуктивті денсаулық апталығы өтті
Репродуктивті денсаулық апталығы аясында «Жизнь Вопреки» қоғамдық қорында денсаулық туралы ашық диалогқа арналған өзара көмек тобының кездесуі өтті.
ТолығырақАстана қаласында ҮЕҰ-ның қатысуымен репродуктивті денсаулық апталығы өтті
Жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу
Халыкаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні қарсаңында Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Ж.К. Бекетова «АИТВ-инфекциясы біздің өмірімізде» тақырыбында жоғарғы сынып оқушылары үшін Қ. Сәтбаев атындағыBinom school мектебінде, № 74 мектеп-гимназиясы мен №8 мектеп-лицейінде дәріс өткізді.
Мектеп-гимназия оқушыларымен АИТВ-ның алдын алу туралы интерактивті сабақ
2025 жылдың мамыр айында Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері А. И. Жаманова Zharkyn Smart School мектеп-гимназиясының, № 96 мектеп-гимназиясының 10-11 сынып оқушыларымен интерактивті сабақ өткізді.
Подробнее: Мектеп-гимназия оқушыларымен АИТВ-ның алдын алу туралы интерактивті сабақ