2024 жылғы 7 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында «Дұрыс жолды танда – адам құқықтарының жолын таңда» ұранымен Астана қаласының АИТВ-инфекциясы орталығында халықтың негізгі топтары арасында Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру кезінде Астана қаласының ҮЕҰ үздік тәжірибелерін зерделеу мәселелері бойынша кеңес өтті.

WhatsApp Image 2024 11 08 at 14.12.11

      2024 жылғы 6 және 7 қарашада АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры К.Аскаров мен орталықтың мамандары Қарақалпақстан Республикасының өкілдерімен бірге қаланың үш медициналық ұйымында: №6 қалалық емханада, Қалалық психикалық денсаулық орталығында және Қалалық перинаталдық орталықта болды.

WhatsApp Image 2024 11 08 at 15.05.05

    2024 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасында 2024-2026 жылдарға арналған «АИТВ» компоненті бойынша Жаһандық қордың гранты аясында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен АИТВ орталығы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Ш.Рустемованың төрағалық етуімен Астана қаласының әкімдігінде «ЮНЕЙДС-тің «95-95-95» көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі стратегиясы, АИТВ-ға қарсы күрес жөніндегі ауқымды іс-шараларды нығайту және қолдау, қоғамның әртүрлі топтарының күшін біріктіру және АИТВ-инфекциясының алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге бағытталған қызметтерді кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді.

WhatsApp Image 2024 11 05 at 20.30.21 2

        «Біз АИТВ-инфекциясымен қорқытпаймыз, біз оның жазылмайтын сырқат екендігін, оның ағзамызға қалай әсер ететінін, қалай берілетінін және инфекцияны жұқтырмау үшін не істеу керектігін түсіндіреміз», - деді қалалық АИТВ-инфекциясы орталығының эпидемиолог-дәрігері Жанна Қуанышқызы Бекетова. Өңіраралық өзара іс-қимыл аясында АИТВ-инфекциясының аумақтық шекарасы жоқ эпидемиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, Қосшы қаласында орналасқан орта мектептердің жоғары сынып оқушыларымен АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша кездесу өтті.

WhatsApp Image 2024 11 05 at 16.20.28

  2024 жылғы 4-8 қараша аралығына Қарақалпақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығы өкілдерінің Астана қаласына сапары жоспарланған. Сапардың мақсаты ЮНЕЙДС «95-95-95» стратегиясының индикаторларына қол жеткізу, Астана қаласының тұрғындары арасында АИТВ-ның алдын алуға бағытталған қызметтерді кеңейту бойынша тәжірибені зерделеу.

WhatsApp Image 2024 11 05 at 16.09.51