№13 қалалық емханада және «Жанұя» ҚӘМК» филиалында медицина жұмыскерлеріне арналған семинар
2024 жылғы 18 қазанда АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету жоспары аясында Қобыланды көшесіндегі №13 қалалық емхана мен «Жанұя» ҚӘМК филиалында МСАК семинарларын өткізді.
Толығырақ№13 қалалық емханада және «Жанұя» ҚӘМК» филиалында медицина жұмыскерлеріне арналған семинар
Инфекциялық қауіпсіздік жөніндегі семинар-кеңес.
2024 жылғы 21 қазанда Астана қаласында донорлықтың инфекциялық қауіпсіздігі мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Кеңесте АИТВ-инфекциясы бойынша консультациялық ұйымдастыру-әдістемелік көмек жүргізу нәтижелері, аналитикаға дейінгі кезеңнің сапасын қамтамасыз ету үшін АИТВ-инфекциясына донорларды тестілеу кезінде экспресс-тесттерді қолдану мәселелері талқыланды. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Б.К. Құлтанова кеңесте 2024 жылдың 9 айы бойынша АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясын тіркеудің салыстырмалы деректері, Астана қаласында донорлар арасында АИТВ-мен сырқаттанушылықты қоса алғанда, тіркелген жағдайларды жасына, берілу жолдарына, әлеуметтік мәртебесіне қарай бөлу бойынша материалдарды ұсынды.
Медицина жұмыскерлері үшін «Sana Vita Clinic» ЖШС емханасында өткізілген семинар
2024 жылғы 10 қазанда АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары «Sana Vita Clinic» ЖШС емханасында АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша емхананың дәрігерлеріне, медбикелеріне семинар өткізді. Семинарға қатысушыларға 2024 жылдың 9 айы бойынша АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы ұсынылды.
ТолығырақМедицина жұмыскерлері үшін «Sana Vita Clinic» ЖШС емханасында өткізілген семинар
АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары
«АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының» МКҚК қызметкерлері Астана қаласының Білім басқармасымен біріккен іс-шаралар жоспары аясында, №№ 9, 15, 45, 52 және 56 жалпы білім беретін мектептерінде семинарлар өткізді.
Туберкулездің және АИТВ-ның алдын алу бойынша дөңгелек үстел
2024 жылғы 25 қыркүйекте Қалалық фтизиопульмонология орталығының бастамасымен «Астана қаласында Туберкулез Тоқта серіктестігін дамыту аясында АИТВ мен туберкулезге қарсы қызметтің өзара іс-қимыл моделін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Семинарға АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры К.К. Асқаров, Қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры А.Б. Цепке, №1, №8 қалалық емханалар «Достық» АМСКО, сондай-ақ «Жизнь вопреки» ҚҚ және «Санат әлемі» ҮЕҰ қатысты.
ТолығырақТуберкулездің және АИТВ-ның алдын алу бойынша дөңгелек үстел