2025 жылғы 14-24 ақпан аралығында Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы А.И. Жаманова № 3, 64 ҚАЖД мекемелерінің жеке құрамы және № 64 мекеменің сотталған контингенті үшін «Пенитенциарлық жүйеде АИТВ-инфекциясының алдын алу» семинарларын өткізді, оның барысында ол жұғу жолдары мен АИТВ-дан қорғау шаралары туралы, сондай-ақ елордадағы эпидемиологиялық жағдайды айтып өтті. WhatsApp Image 2025 02 27 at 15.13.04

   2025 жылғы 14 ақпанда АИТВ-инфекциясы бойынша профилактикалық іс-шараларды іске асыру аясында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы, дәрігер-эпидемиолог А.Б.Уразова ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетіп, «Аспан емханасы» ЖШС-ның медициналық мекемесіне семинар өткізді.

Аспан фото

  2025 жылы 14 ақпанда Астана қаласының АИТВ орталығында «Шаг в будущее» ҚҚ, «Жизнь вопреки» ҚҚ, «Human Health Institute» ҚБ үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен ЖТМЖҚ грантын және 2024 жылға арналған Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру қорытындысы бойынша кеңес өтті. 

IMG 6693

2025 жылғы 13 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК-да «Экспресс-тесттерді пайдалана отырып, АИТВ-инфекциясының бар-жоғын тексеру» тақырыбында білім беретін семинар-тренинг өткізілді.

Семинарға профилактикалық, эпидемиологиялық бөлімнің, достық кабинеттерінің, емдеу-профилактикалық көмек бөлімінің, диагностикалық зертхананың мамандары қатысты.

Изображение WhatsApp 2025 02 14 в 15.32.34 52e95670

Жиналыста ҚАЖД мекемелерінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша өзекті мәселелер талқыланды. АИТВ орталығының дәрігерлері профилактикалық жұмыстарының нәтижелері, эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-ға тестілеу туралы, сондай-ақ, Астана қаласының АИТВ орталығы және «Достық» АМСҚ орталығымен бірге диспансерлік бақылау және РҚТ тиімділігі бойынша өз-ара іс-қимылының барысы туралы баяндамалар жасады.

WhatsApp Image 2025 02 12 at 15.51.33