Республикалық медицина академиясында өткен «Живая библиотека» кездесу
2024 жылғы 3 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында «Живая библиотека» жобасы аясында республикалық медицина академиясының студенттерімен кездесу өтті. Кездесуді ұйымдастырушылар АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы, «Жас толқын» жастар денсаулық орталығы және «Жизнь вопреки» ҚҚ. Кездесудің тақырыбы «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» Дүниежүзілік науқанның «Дұрыс жолды -адам құқықтарының жолын таңда!» ұранымен үндес.
ТолығырақРеспубликалық медицина академиясында өткен «Живая библиотека» кездесу
Агротехникалық университет студенттерінің форумы
«Дұрыс жолды - адам құқықтарының жолын таңда!» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында «АИТВ-ға байланысты стигма жоқ» жобасы шегінде «Шеврон" ның қолдауымен Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі Қазақстандық қауымдастығы (КМПа) Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне форум ұйымдастырды.
Астанада өткен қайырымдылық акциясы
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында «Жизнь вопреки» қоғамдық қоры Астана қаласындағы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп «Қайырылды істер марафоны» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Қайырымдылық акциясының мақсаты АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету. Алдағы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында АИТВ-мен өмір сүретін 82 отбасыға, оның ішінде 2 жасқа дейінгі перинаталдық байланысы бар 66 бала сыйлықтар табысталды.
Оқушылар АИТВ-инфекциясы туралы шығарма жазды
Астана қаласында Үздік эссе байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау 2024 жылдың 4 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Білім басқармасының және АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласының барлық жалпы білім беретін мектептерінде білім алатын 10-11 сынып оқушылары арасында «Дұрыс жолды, адам құқықтары жолын таңда» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында өтті.