Астана қаласындағы АМСК медицина қызметкерлеріне арналған қалалық семинар-тренинг
2024 жылғы 6 желтоқсанда «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған шараларды іске асыру туралы» Жол картасын іске асыру шеңберінде АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында «АИТВ-инфекциясы: профилактика, диагностика, емдеу. АИТВ-инфекциясы кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру принциптері, АИТВ-мен байланысты аурулары бар пациенттерді жүргізу. ХНТ мен АӨСА стигмасы мен кемсітушілік мәселелері». Семинарға емханалар терапевттері, ЖТД, акушер-гинекологтары және психологтары қатысты. Семинар-тренинг бағдарламасында АИТВ-ға тексеруге клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер, АИТВ-инфекциясы мен қосымша аурулар клиникасы мен емі, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген АИТВ-ның құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер мәселелері қаралды.
ТолығырақАстана қаласындағы АМСК медицина қызметкерлеріне арналған қалалық семинар-тренинг
Астанада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар аяқталды
2024 жылдың 1 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Астана қаласында ЮНЕЙДС жариялаған «Дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңда» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырылған іс-шаралар өтті.
Іс-шара Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Астана» медицина университеті КеАҚ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, «Жизнь вопреки», «Шаг будущее» және «Human Health Institute» үкіметтік емес ұйымдарының қолдауымен өткізілді.
ТолығырақАстанада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар аяқталды
Астана қаласындағы кең ауқымды акция
2024 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында «Шаг будущее», «Жизнь вопреки», «Human Health Institute» үкіметтік емес ұйымдардың, «Астана» медицина университеті, ЖОО, колледж студенттері, Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңда» ұранымен акциясын өткізді.
Астана қаласының тұрғындары № 6 емханада АИТВ-ға жедел тестілеу мүмкіндігін пайдаланды
«Дұрыс жолды таңда, адам құқықтары жолы» ұранымен Ашық есік күні 2024 жылдың 4 желтоқсанында Астана қаласының «№ 6 қалалық емхана» ШЖҚ МКК өтті. Ашық есік күні бекітілген халықтың АИТВ және АИТВ-ға тестілеу бойынша қосымша ақпаратқа қол жеткізуі мақсатында ұйымдастырылды.
ТолығырақАстана қаласының тұрғындары № 6 емханада АИТВ-ға жедел тестілеу мүмкіндігін пайдаланды
Елордадағы «Бәйтерек» монументі қызыл түске боялған
Елордада Дүниежүзілік ЖИТС – ке қарсы күрес науқаны аясында «дұрыс жолды таңдаңыз – адам құқықтары жолы» ұранымен өткен іс-шаралар аяқталуда, оның бірі қаланың көрікті жерлерін қызыл түспен, халықаралық ынтымақтастық символы мен ЖИТС-пен күреске деген адалдықтың түсімен-қызыл лентамен жарықтандыру болды. Елорда тұрғындары мен қонақтары «Бәйтерек» монументі және «Хан-Шатыр» ССО ғимаратының қызыл шамдармен жарқырап тұрғанына куә болды, ал ЭКСПО «Нұр-Әлем» сферасында және «Қазақстан темір жолы» ғимаратының қасбетінде атаулы күнге арналған бейнероликтер орналастырылды.
ТолығырақЕлордадағы «Бәйтерек» монументі қызыл түске боялған