Астана қаласында психологтар мен әлеуметтік педагогтарға арналған семинар-тренинг өтті
Астанада, «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК-да Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Білім басқармасы арасындағы іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «Шаг в будущее» қоғамдық қорымен және Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ-мен бірлесіп ұйымдастырылған білім беру ұйымдарының психологтары мен әлеуметтік педагогтарына арналған екі күндік оқыту семинар-тренингі өтті.
.
ТолығырақАстана қаласында психологтар мен әлеуметтік педагогтарға арналған семинар-тренинг өтті
БАҚ өкілдеріне арналған онлайн-тренинг
2025 жылғы 26 мамырда Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы мен Қазақстандық жыныстық және репродуктивтік денсаулық қауымдастығының қолдауымен «АИТВ-ның алдын алу және АИТВмен өмір сүретін адамдардың стигмасы мен кемсітушілік мәселелері» тақырыбында БАҚ журналистері мен медициналық ұйымдардың баспасөз хатшылары үшін онлайн-тренинг өткізілді.
Астанада «Нұр-Әлем» ЭКСПО ғимараты қызыл түспен жарықтандырылды
Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бастамасымен «Нұр-Әлем» ЭКСПО ғимараты қызыл түспен жарықтандырылды. Бұл осыдан 40 жыл астам ЖИТС-пен күресудің символы ретінде таңдалған қызыл түсті таспа бүкіл әлемде АИТВ індетінен зардап шеккен адамдарға қолдау мен ынтымақтастықтың тұрақты символына айналды.
ТолығырақАстанада «Нұр-Әлем» ЭКСПО ғимараты қызыл түспен жарықтандырылды
Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған акция
Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде әлемде Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні өтеді. Бұл іс-шараның мақсаты - қоғамға АИТВ-мен байланысты стигманың алдын алу және жеңудің маңыздылығын еске салу.
ТолығырақХалықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған акция
Астана қаласының «Хан шатыр» сауда-ойын-сауық орталығындағы акция
Астана қаласында «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні және Репродуктивті денсаулық апталығы аясында «Астана медицина университеті» КЕАҚ СӨС орталығымен бірлесіп елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған акция өткізілді.
Подробнее: Астана қаласының «Хан шатыр» сауда-ойын-сауық орталығындағы акция