Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында биыл «Біз есімізде ұстаймыз. Біз әрекет жасаймыз, Біз АИТВ-дан жоғарымыз», Нұр-Сұлтан қ. ЖИТС орталығының бастамасымен, елорда әкімдігінің қолдауымен, 2022 жылғы 14 мамырда кешке «Бәйтерек» монументі мен «Ханшатыр» СОО ғимараттары қызыл түспен жарықтандырылды.

Бұл 30 жылдан астам уақыт бұрын ЖИТС індетімен күресудің символы ретінде таңдалған қызыл лента, бүкіл әлемде АИТВ індетінен зардап шеккен адамдарға қолдау мен ынтымақтастықтың тұрақты символына айналды. Сондай - ақ, осы күндері елорданың биік ғимараттарының бірі – «Қазақстан темір жолы» АҚ ғимаратында тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында АИТВ-ның алдын алу шаралары бойынша бейнероликтер көрсетілді. ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күнінің басты шақыруы халықтың назарын АИТВ-ның алдын алу мәселелеріне аудару, стигманы жою, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеу, антиретровирустық емдеу мен медициналық көмекке қолжетімділікті кеңейту болып табылады.