2024 жылғы 12 сәуірде Астана қаласының Білім басқармасымен, Астана қаласының Полиция департаментімен бірлесіп АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша «АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелерін білім беру жүйесіне интеграциялау. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мен мектептердің өзара әрекеттесуі. Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастырудағы мектеп психологының рөлі» тақырыбында кеңейтілген жиналыс өткізілді.

 

WhatsApp Image 2024 04 15 at 15.46.41 1


   

  

1604 

 WhatsApp Image 2024 04 16 at 15.20.16

 

 

АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында кеңес жұмысына 209 адам қатысты, оның ішінде мектеп директорлары мен олардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция департаментінің инспекторлары, жастар денсаулық орталықтарының өкілдері болды. Кеңестің негізгі мақсаты - жастар арасында қауіпсіз мінез-құлық, нашақорлық пен АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды нығайту.

Кеңес аясында Астана қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары С. Адылбаев, Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры К. Аскаров, Астана қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция полковнигі С.Ильиных баяндама оқыды.

К. К. Аскаровтың айтуынша, мектепте өз денсаулығына құндылық қатынасының негізін қалау, оны әртүрлі жағдайларда, оның ішінде АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупімен байланысты жағдайларда сақтау дағдыларын дамыту маңызды. Ведомстволар Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын және білім беру ұйымдарында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі үшжақты іс-шаралар жоспарын одан әрі бірлесіп іске асыру туралы шешім қабылдады.