«Мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдастыра отырып, біз АИТВ-инфекциясымен қорқытуға тырыспаймыз, бірақ бұл аурудың не екенін, оның адам ағзасына қандай зардаптар әкелетінін және инфекциядан қалай сақтануға болатынын егжей – тегжейлі түсіндіреміз» - деп АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиолог Бекетова Ж.Қ. айтуда.
Қазіргі таңда аурудың жыныстық жолмен және жастар арасында таралауының жоғарлауы байқалады. Осыған байланысты, дәрігерлер жалпы білім беру мектептердің барлық жоғарғы сыныптарды ақпараттық жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Осы орайда, № 17, № 63, № 22, № 7 гимназиялар мектебінде, № 27 лицейде дәрістер жүргізілді.
Дәрістерде орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің мамандары қолжетімді және ашық әңгімеде ауру, алдын алу шаралары туралы негізгі ақпаратты айтып, жастардың АИТВ-мен байланысты стереотиптер мен алалаушылықтардан бос қоғамды қалыптастыруға ерекше назар аударды.
Іс-шара аудитория сұрақтарымен және оларды талқылаумен аяқталды.