Cалтанатты жиналыс
2021 жылғы 15 желтоқсанда, қалалық ЖИТС орталығының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ұжымның салтанатты жиналысы өтті. Салтанатты жиналыс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен ашылды. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» тақырыбында баяндама оқылды. ЖИТС орталығының директоры С. Абдраимов қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының грамоталарын тапсырды.
№3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында семинар өткізілді
2021 жылғы 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Идрисова А.А. "№3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" МКҚК-да медицина қызметкерлері арасында оқыту семинарын өткізді.
Нұр-Сұлтан қаласының «Астана Медицина университетінде» дәріс өтті
2021 жылдың 30 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Медициналық университетінде» АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы дәріс өтті. Шараны ұйымдастырушылар – Қазақстандық медицина қызметкерлерінің қауымдастығы, спикері ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Д.Бексұлтанова
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай өткен наухан аяқталды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК елордада «АИТВ: Әрбірін/Түсіну» тақырып аясында өткен ЖИТС-ке қарсы дүниежүзілік күрес науқанының аяқталғанын хабарлайды.
Өткен онкүндік барысында бірлесіп жұмыс атқарған «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия одағы», «Орталық Азияның жаһандық денсаулығын зерттеу орталығы» сонымен қоса «Қазақ ұлттық өнер университеті», «Жизнь вопреки», «Шаг в будущее» қоғамдық қорлары, «Тұран» Университеті, «Астана медицина университеті», «Менеджмент, бизнес және білім беру» колледжі студенттеріне дебат, форум және басқа да өткізілген іс-шаралардың барлық қатысушыларына алғыс білдіреді.